20.11.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Жәнібек Әлімханұлына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков мәлімдеме жасады

ҚКБФ президенті ретінде орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағдайға алаңдаймын. Тынымсыз еңбегі мен талантының арқасында ие болған жоғары мәртебе мен атаққа қарамастан, Жәнібек әлі де әлемдік деңгейде нағыз бәсекелестік көрсете алатын лайықты қарсылас ала алмай келеді.

Жәнібектің өз дивизионындағы ең мықты боксшылармен жұдырықтасуға дайын екенін байқаймыз, бірақ атышулы жекпе-жектер ұйымдастыру талпыныстары бас тартулармен немесе ұзақ келіссөздермен кездеседі. Бұл чемпионның өзіне ғана емес, сонымен қатар оның жарқын және қызықты текетірестерді күтетін көптеген жанкүйерлеріне де әділетсіздік.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы чемпиондарымыздың мүддесін қорғап, олардың деңгейіне сай жекпе-жек ұйымдастыруға бар күш-жігерін салады. Біз промоутерлерді, федерацияларды және бокс қауымдастығының барлық мүшелерін адал бәсекелестік қағидаттарын қолдауға және мықтыларға әлемдік аренада өзін көрсетуге мүмкіндік беруге шақырамыз.

Жәнібек Әлімханұлы – Қазақстанның мақтанышы, оның үздік жекпе-жектері әлі алда екеніне сенімдіміз. Біз барлығына қолдаулары үшін алғыс айтамыз және барлығын спортшылар мен олардың жанкүйерлерінің игілігі үшін кәсіпқой боксты дамыту үшін күш біріктіруге шақырамыз.

Құрметпен,
Қазақстан кәсіпқой бокс федерацисы