Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстан футзалдан әлемдік рейтингте екі сатыға төмендеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

FIFA жаңартқан футзал рейтингінде Қазақстан ұлттық құрамасы жетінші орынға түсіп қалды. Бұған дейін ел құрамасы әлемнің үздік бестігіне еніп тұрған болатын.

Наурыз айында Рикардо Кака шәкірттері Еуро-2026 іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізген еді. Алдымен Қазақстан Албанияны 4:2 есебімен жеңсе, кейін Армениядан дәл сондай есеппен ұтылып қалды — бұл нәтиже рейтингке тікелей әсер еткен.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жетінші орынға орналасса, үздік үштікті Бразилия, Португалия және Испания құрамалары түйіндеп тұр.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!