Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан футзал қауымдастығының бас хатшысы ауысты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан футзал қауымдастығының бас хатшысы ауысты

Қазақстан футзал қауымдастығының бас хатшысы болып Мақсат Әлбекұлы Тюмалиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚФҚ баспасөз қызметі.

Мақсат Әлбекұлының футзал мен үлкен футболда мол тәжірибесі бар. Оның бұл лауазымға келуі елдегі футзалдың одан әрі дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Айта кетейік, ҚФҚ-ның бұрынғы бас хатшысы Нұрғожин Дәурен Маратұлы енді футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Фигейраның көмекшісі ретінде жұмыс істемек.