27.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан футболында 3 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бас прокуратура Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде орын алған заңсыздықтарды анықтады. Федерация мен бірқатар клубтарға жүргізілген тексеру нәтижесінде басқарудағы тиімсіздік пен 3 млрд теңге көлеміндегі қаржылық бұзушылықтар анықталған.

Негізгі заңбұзушылықтар:

  • 300 млн теңге көлемінде негізсіз сыйақылар төлеу
  • Инфрақұрылым құрылысына бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдалану
  • Спортшылармен күмәнді келісімшарттар жасау
  • Спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру

Федерацияның әкімшілік ғимараты мен Талғардағы жаттығу базасының құрылысы кезінде орындалмаған жұмыстарға 350 млн теңгеден аса төлем жасалған. 2021 жылы басталған Алматы облысындағы база құрылысы тоқтап тұр, ал мердігердің шоттары бұғатталған. 135 млн теңге стратегиялық құжаттар мен стандарттарды әзірлеуге бөлінген, бірақ бұл қаражаттың орынды жұмсалғаны күмәнді.

«Ордабасы», «Ақтөбе» және «Жетісу» клубтарында:

  • Келісімшарт сомаларын асырып көрсету
  • Ойыншыларды төмен бағамен сату, жоғары бағамен сатып алу
  • Қаражат жымқыру фактілері тіркелген

Қаржылық бұзушылықтарға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұрынғы басшыларға қатысты қылмыстық іс Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді.

Бас прокуратура спорт саласындағы заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!