Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан ерлер құрамасы парадзюдодан әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстан ерлер құрамасы парадзюдодан әлем чемпионатында топ жарды

Астанада қазақстандық дзюдошылар қатысуымен пара дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Кеше әйелдер құрамасы командалық есепте бірінші орын алған еді, енді ерлер құрамасы да тамаша нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Финалдық кездесуде Қазақстан Бразилия құрамасын 4:3 есебімен ұтты.

Айта кетейік, бір күн бұрын Бразилияның әйелдер құрамасы қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Енді бразилиялықтар екінші, моңғолдар медальдар кестесінде үшінші орында тұр.