Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан чемпионатында ойнайтын өзбекстандық «Хумо» клубы жабылуы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан чемпионатында ойнайтын өзбекстандық «Хумо» клубы жабылуы мүмкін

Ташкенттік «Хумо» хоккей клубы қаржылық қиындықтарға байланысты жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы Sport12.kz хабарлады.

Оның айтуынша, клуб тек Өзбекстан чемпионатында өнер көрсетуі ықтимал. Алайда онда маусым барысында небәрі он шақты ғана матч өткізіледі.

Айта кетейік, өткен маусымда «Хумо» белорусиялық маман Дмитрий Катаевтің жетекшілігімен Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінің жартылай финалына дейін жетіп, «Торпедоға» серияда 3:4 есебімен жол берген болатын.

Еске сала кетсек, 15 сәуір күні Қазақстан Президенті ел аумағында шетелдік клубтар мен спортшыларды қаржыландыруға тыйым салатын заңға қол қойды. Осыған байланысты «Хумо» командасының Қазақстан чемпионатына қатысуы енді заң жүзінде мүмкін емес.