Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан бразилиялық ойыншыларға төлқұжат беруі мүмкін

Қазақстан бразилиялық ойыншыларға төлқұжат беруі мүмкін

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу матчтарына Бразилиядан легионерлер тартып, күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz

Қазақстан футзал құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының шешуші іріктеу матчтарына дайындық үстінде. Құраманың бас бапкері — бразилиялық маман Пауло Рикардо Кака. Осы маңызды кездесулер қарсаңында ұлттық команда құрамына екі бразилиялық ойыншыны қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Атап айтқанда, сөз Жеже есімді әмбебап ойыншы туралы болып отыр — ол қазіргі таңда «Аят» клубында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, «Қайрат» футзал клубының вице-капитаны Эдсон да құрамды күшейтетін әлеуетті кандидаттардың қатарында.

Жеже (Аят)

Футзал мамандарының айтуынша, Жеже — қазіргі чемпионаттағы ең нәтижелі ойыншылардың бірі. Ол 2024/2025 маусымында 30 матчта 20 гол соққан. Ал өткен маусымда 46 ойында 36 голмен көзге түсті. Мұндай тұрақты нәтиже оны ұлттық құрамаға шақыру мәселесін өзекті етіп отыр.

Эдсон (Қайрат)

Эдсонның статистикасы қорғаныс пен шабуылда балансты ұсынатын әмбебап ойыншы ретіндегі рөлін дәлелдейді. Ол Қазақстан чемпионатында 31 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Сонымен қатар, УЕФА чемпиондар лигасының негізгі және элиталық кезеңдерінде 6 матчта 4 рет нәтижелі соққы жасап, «Қайраттың» Финал төрттікке жолдама алуына үлкен үлес қосты.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасында үш бразилиялық ойыншы бар: қақпашы Игита, сондай-ақ Дуглас пен Лео.