Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстан Бакудегі әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Әзербайжанда өткен әлем кубогы кезеңінде топтық жаттығуларда қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық «Фурор» командасы 5 лентадан тұратын финалда 21,850 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды. Бірінші және екінші орындарды Қытай мен Израиль спортшылары иеленді.

Жалпы жарысқа Қытай, Израиль, Болгария, Түркия, Италия, Финляндия, Украина және Қазақстан сынды сегіз елден командалар қатысты.