24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан әйелдер құрамасы конькимен жүгіруден Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

KAZ.NUR.KZ хабарлауынша, Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі конькимен жүгіруден әйелдер құрамасының Әлем кубогының жалпы есебінде үшінші орын алғанын мәлімдеді.

Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы командалық спринтте бесінші болып мәреге жетті. Алайда осы дисциплинада өткен үш кезеңнің нәтижесі бойынша Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина жалпы есепте қола жүлдеге қол жеткізді.

Жарыстың жалпы есебінде Польша құрамасы бірінші орынды жеңіп алса, Канада спортшылары күміс медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін осы жарыста Қазақстандық Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алған болатын.