26.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында Сингапурды жеңді

Olympic.kz хабарлағандай, Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Чжаоцин қаласында өтіп жатқан су полосынан Азия чемпионатында өнер көрсете бастады.

Турнирдің алғашқы кездесуінде біздің спортшылар Сингапур құрамасымен кездесіп сенімді жеңіске жетті — 12:6.

Құрлықтық біріншілікке қатысатын алты ұлттық құрама: бір-бірімен шеңберлік жүйе бойынша ойнайды.