Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны жеңіп, Ұлттар лигасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Елорданың «Астана Арена» стадионында өткен Ұлттар лигасының төртінші турында Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны 3:2 есебімен жеңіп, турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді.

Матчтың басты кейіпкері — Әмина Бибосынова. Қазақстандық шабуылшы 48-ші және 55-ші минуттарда қатарынан екі гол соғып, командасын алға шығарды. Үшінші голды 71-ші минутта Әйгерім Айтымова соқты.

Қонақтар сапынан Нарине Давтян дубль авторы атанды — ол 63-ші және 66-шы минуттарда қазақстандықтардың қақпасын дәл көздеді.

Осылайша, ұлттық құрама Ұлттар лигасының алғашқы айналымындағы нәтижелерін мынадай түрде жалғастырды:

  • Лихтенштейнді ірі есеппен жеңіс — 4:0

  • Люксембургпен тең нәтиже — 2:2

  • Армениядан алғашқы матчта жеңіліс — 0:2

  • Қарымта матчта жеңіс — 3:2

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!