03.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан арбадағы теннистен алғаш рет «Әлем кубогінің» Азия аймағының іріктеу кезеңіне қатысты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан арбадағы теннистен алғаш рет «Әлем кубогінің» (Wheelchair Tennis World Cup) азиялық іріктеу кезеңінде бақ сынады. Турнир Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтті, деп хабарлайды Қазақстанның Хоккей федерациясының ресми сайты.

Ерлер құрамасы өз тобында Ирак және Иран командаларымен кездесті. Ал әйелдер құрамасы Жапония, Үндістан және Қытайлық Тайбэй спортшыларымен сынға түсті. Өкінішке орай, қазақстандық спортшылар финалдық кезеңге шыға алмады. Дегенмен бастысы — отандық теннисшілер Азияның үздік ойыншыларымен тәжірибе алмасып, жаңа деңгейге көтерілді.

Қазақстанда арбадағы теннис спорты 2022 жылдан бері дамып келеді. Отандық спортшылардың «Әлем кубогінің» іріктеу кезеңіне қатысуының өзі үлкен жетістік болып табылады.

Турнир қорытындысы бойынша Айжан Бутимбаева ITF (Халықаралық теннис федерациясы) рейтингінде тарихта алғаш рет ТОП-100 қатарына кірді. Қазақстандық спортшы қазіргі таңда әлемдік рейтингте 92-орында тұр. Командадағы оның серіктесі Жанат Үмітқұлова 130-орынға жайғасты.

Бұл жетістік қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы әлеуетін көрсетіп, болашақ жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.