28.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақ сумошысы Ерсін Балтағұл «жаужүрек жауынгер» жүлдесімен марапатталды

Токиода сумодан 2025 жылғы Хацу бащё турнирі аяқталғаннан кейін, комитет үздік нәтиже көрсеткен балуандарға арнайы марапат табыстау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Қазақстандық кәсіпқой сумошы «Кинбозан» Ерсін Балтағұл Хацу бащёда 12 жеңіс, 3 жеңіліс нәтижесімен «Канто-шо» (жаужүрек жауынгер, жауынгерлік рух) жүлдесімен марапатталды. Бұл марапатты Ерсін осымен екінші рет алып отыр. Бұған дейін 2023 жылы да ие болған. Осылайша ол «Канто-шо» аталымын екі рет иленген алғашқы қазақ атанды. Бұл Кинбозанның 2023 жылғы көктемгі турнирден кейін алған алғашқы Саншо сыйлығы.

«Барша жанкүйердің қолдауына рақмет. Қолымыздан келгенін бәрін істеп бақтық. Бұған да Аллаға шүкір деймін. Бірақ, тоқмейілсінбейміз.

Кубокты алу үшін талпындық. Алайда, көріп тұрғандарыңыздай, сәл ғана сәттілік жетпей қалды. Әрине, осымен бәрі аяқталған жоқ. Алда әлі талай дода күтіп тұр, бұдан да жоғары жетістіктерге жетуге болады. Мен әлі толық сұхбат беруге дайын емеспін. Бұйырса чемпион болып, Император кубогына жетейін. Сосын көпшіліктің сұрағына жауап беремін. Қазақстанға кубок алып баруды жазсын», — деді Ерсін Балтағұл