19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақ футболшысы Максим Самородовтың нарықтық құны өсті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан ұлттық құрамасының және грознендік «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородовтың нарықтық құны айтарлықтай артты. Авторитетті Transfermarkt порталының жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, 22 жастағы ойыншының бағасы 600 мың еуроға өсіп, қазір 1,8 миллион еуроны құрайды.

Ресей премьер-лигасының (РПЛ) осы маусымында Самородов «Ахмат» сапында 15 матч өткізіп, 3 гол және 2 нәтижелі пас жасады.

Сонымен қатар, Қазақстанның ең қымбат футболшысы өзгеріссіз қалды – Санкт-Петербургтің «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп 3,5 миллион еуро бағасымен көш бастап тұр. Ол биылғы маусымда клубы үшін 13 матч өткізіп, 1 гол соқты.