Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Қайсар» ел чемпиондарымен тең түсті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қызылордада Қазақстан Премьер-Лигасының 6-тур ойыны өтті. «Қайсар» өз алаңында ел чемпионы «Қайратты» қабылдап, кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Ойын барысында қос команда да бірнеше мүмкіндіктерге ие болды, алайда 90 минут ішінде бірде-бір гол соғылған жоқ. Осылайша «Қайрат» сырт алаңда бір ұпаймен шектелсе де, 14 ұпай жинап, турнирлік кестенің көшін бастап тұр.

Ал «Қайсар» маусымды сәтсіз бастады. Қызылордалық клуб осы уақытқа дейін 6 матч өткізіп, үшеуінде жеңіліп, үшеуінде тең түсті. Қазір команда небәрі 3 ұпаймен 12-орында келеді.