03.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайраттың» Чемпиондар лигасы финалындағы қарсыласы белгілі болды

«Қайраттың» Чемпиондар лигасы финалындағы қарсыласы белгілі болды

Алматылық «Қайраттың» футзалдан Чемпиондар лигасы финалындағы қарсыласы анықталды – ол Испанияның «Пальма» командасы болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испаниялықтар португалиялық «Спортингті» 3:0 есебімен жеңіп, турнирдің шешуші кезеңіне шықты.

Айта кетейік, «Қайрат» испаниялық «Картахенаны» 3:2 есебімен ұтқан болатын.