Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» шабуылшысы Жоао Пауло тізесіне ота жасатады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» шабуылшысы Жоао Пауло тізесіне ота жасатады

Алматының «Қайрат» клубының шабуылшысы Жоао Пауло тізе жарақатына байланысты команда құрамынан тыс қалды. Ол хирургиялық ем қабылдау үшін өз елі – Бразилияға оралды.

«Жоао Пауло Бразилияға ұшып келді. Ол жақта тізе буынына ота жасалады. Әуежайда ол күтпеген жерден «Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лавпен кездесіп қалды. Екі дос жылы жүздесіп, естелік суретке түсті», – делінген клубтың хабарламасында. Жазбаға олардың бірлескен фотосуреті қоса берілген.

2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасының осы маусымында Жоао Пауло төрт ойынға қатысып, бір гол соққан болатын.

Қазіргі таңда «Қайрат» турнир кестесінде 23 ұпаймен екінші орында тұр. Көш басында — «Ақтөбе», олар алматылықтарды екі ұпайға озып келеді.