10.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Кайрат» шабуылшысы Жоао Пауло Қазақстан Премьер-лигасында 75-ші голын соқты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

36 жастағы бразилиялық шабуылшы «Кайрат» командасының ойыншысы Жоао Пауло «Ордабасы» командасына қарсы матчта (4:0) Қазақстан Премьер-лигасындағы 75-ші голын соқты, деп хабарлайды KazFootball.

Жоао Пауло Қазақстан Премьер-лигасында «Ордабасы» командасының құрамында 2019 жылдың 9 наурызында «Шахтерге» қарсы (3:0) Шымкентте өткен матчта дебют жасаған болатын. Ол бастапқы құрамда шығып, бірден дубль жасады. Жалпы, «Ордабасы» сапында 65 матч өткізіп, 35 гол соқты.

«Ордабасы» командасының қақпасына (4:0) соғылған гол — оның Премьер-лигадағы 75-ші добы. «Кайрат» сапында 82 матчқа қатысып, 40 голдың авторы атанды.

Жоао Пауло Қазақстан Премьер-лигасында 75 және одан да көп гол соққан 26-шы футболшы атанды. Ол Қазақстан чемпионаттарының тарихындағы үздік 30 мергеннің қатарына енді.

Барлығы Қазақстан Премьер-лигасында 147 матч өткізіп, 75 гол соққан.