22.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қайрат Сатжанов Астанадағы Әлем кубогына құрамды жариялады

Қайрат Сатжанов Астанадағы Әлем кубогына құрамды жариялады

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің жетекшісі Аян Төлегеннің мәліметінше, Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов Астанада өтетін World Boxing Әлем кубогы кезеңіне алдын ала құрамды жариялады.

Тізімге келесі боксшылар енді:

  • Санжар Ташкенбай — 50 кг дейін
  • Махмұд Сабырхан — 55 кг дейін
  • Серік Теміржанов — 60 кг дейін
  • Ертуған Зейнуллинов — 65 кг дейін
  • Абылайхан Жүсіпов — 70 кг дейін
  • Сабыржан Аққалықов — 75 кг дейін
  • Нұрбек Оралбай — 80 кг дейін
  • Бекзад Нұрдәулетов — 85 кг дейін
  • Сағындық Тоғамбай — 90 кг дейін
  • Айбек Оралбай — 90 кг жоғары

30 маусым мен 7 шілде аралығында өтетін Әлем кубогының өз алаңындағы кезеңіне дейін — қазақстандық боксшылар Таиланд пен Нидерландтағы халықаралық турнирлерде өз қалпын тексереді.