Оқу уақыты: 1 мин

«Кайрат» пен «Ордабасы» ойынын Қазақстан құрамасының бас бапкері Али Алиев тамашалады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Кайрат» пен «Ордабасы» ойынын Қазақстан құрамасының бас бапкері Али Алиев тамашалады

Қазақстан Премьер-лигасының орталық матчында алматылық «Кайрат» пен шымкенттік «Ордабасы» кездесті. Ойын Астана уақыты бойынша 18:00-де басталды.

Матчты трибунадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Али Алиев тамашалады.

Екі команданың бастапқы құрамында жеті қазақстандық ойыншы болды. Олардың қатарында 16 жастағы жас футболшы Дастан Сатпаев та бар.