«Футбол на Куличках» басылымының мәліметінше, «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы Қазақстан Суперкубогы үшін қызықты тартыс күтілуде.
Алматы клубы өткен маусымды бірінші орында аяқтап — «Астанадан» небәрі бір ұпай алда болса, ал «Ақтөбе» төрт ұпайға артта қалды. Қызығы Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері маусым алдындағы жеті кездесуде бірде-бір жеңіске жете алмады (2 тең ойын; 5 жеңіліс). Керісінше Игорь Леоновтың командасы жақсы нәтиже көрсетті. Екі жеңіс және косоволық клубпен тең ойын.
Командалар арасындағы кездесулер тарихы әсерлі:
- Барлығы 76 матч өткізілді
- «Қайраттың» 34 жеңісі бар
- Алматылықтардың 31 жеңілісі
- 11 тең нәтиже
Соңғы он кездесуде орташа нәтижелілік матч сайын 4,1 гол құрады — «Қайрат» орташа есеппен 2,4 доп соқса «Ақтөбе» 1,7 гол салды. Айта кетерлігі Суперкубокта командалар бұған дейін кездеспеген. Алматылықтарда 2 жеңіс пен 4 жеңіліс бар, ал ақтөбеліктер өздерінің үш матчын да жеңіспен аяқтаған.
«Қайрат» пен «Ақтөбе» бір-бірімен нәтижелі футбол ойнайтын командалар қатарына жатады. Ойыннан тең есеп күтпейміз, керісінше тартысты ойын болады» — деп атап өтті басылым.