07.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Қайрат» ойыншылары Месси мен Роналду арасында күтпеген таңдау жасады

Алматылық клубтың баспасөз қызметі «Қайрат» ойыншылары арасында (қазір жаттығу жиынында жүрген) қызықты блиц-сауалнама жүргізді.

Шағын дауыс беру барысында футболшыларға әлемдік футболдың екі супер жұлдызы — Лионель Месси мен Криштиану Роналду арасында таңдау жасау ұсынылды. Сауалнама нәтижесі бойынша аргентиналық маэстро 14 дауыс жинаса ал португалдық шабуылшы 11 дауыс алды. Осылайша «Барселона» аңызы шағын басымдылықпен жеңіске жетті.

Айта кету керек, алматылық команда қазіргі уақытта түркияның Анталия қаласында екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Екі апта бұрын дайындықты бастаған команда жоспарланған жеті ойынның үшеуін өткізді. Жиындар 9 күннен кейін аяқталады деп жоспарлануда.