08.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Кайрат» «Ордабасыны» ірі есеппен жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Алматының «Кайрат» командасы футболдан Қазақстан чемпионатының екінші тур матчында Шымкенттің «Ордабасы» клубын 4:0 есебімен ойсырата ұтты.

Екі голды грузиндік жартылай қорғаушы Гиорги Зария соқты (соның бірі пенальтиден), ал Жоау Паулу мен Юг Станоев бір-бірден гол енгізді.

Екі турдан кейін «Кайраттың» қоржынында 4 ұпай бар, ал «Ордабасының» еншісінде бір ғана ұпай. Келесі турда «Ордабасы» өз алаңында «Қызылжарды» қабылдайды, ал «Кайрат» Түркістанға «Тұранның» қонағы болып барады.