08.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Қайрат» мықтырақ, «Ордабасы» тең ойнайды деп үміттенемін, ал Чесноков қайта көзге түседі» – комментатор КПЛ-дің 2-тур ойындары туралы

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

8 наурызда футболдан Қазақстан чемпионатының екінші тур ойындары басталады. Алғашқы турда бірнеше күтпеген нәтижелерге куә болдық, енді алда бізді жаңа тосын сыйлар күтуде.

Sport Pulse тілшісіне берген сұхбатында комментатор Олжас Байбосынов бүгін өтетін төрт ойынға қатысты пікірін айтты.

Оқжетпес – Атырау

– «Оқжетпес» бірінші турдағы жеңілістен кейін «Атырауға» қарсы ойында алғашқы ұпайларына қол жеткізе ала ма?

– Көкшетауда қазір ауа-райы суық, командалар ашық стадионда ойнайды. Бұл матчта гол аз болады деп ойлаймын.

Жетісу – Ұлытау

– Лиганың жаңа командасы «Ұлытау» алғашқы турда тең ойнаған «Жетісуға» лайықты қарсылық көрсете ала ма?

– Көркем футбол күтіп отырған жоқпын. Мүмкін, командалар деңгейі жағынан шамалас шығар, бірақ бұл матчқа қызығушылығым жоқ.

Жеңіс – Тобыл

– «Жеңіс» әлі бірде-бір гол соққан жоқ. Ал «Тобыл» алғашқы турда сенімді жеңіске жетті. Қостанайлықтар кезекті ойында да басымдық таныта ма?

– «Тобыл» – айқын фаворит. Ислам Чесноков тағы да көзге түседі деп ойлаймын.

Ислам Чесноков. Сурет: «Тобыл» ФК баспасөз қызметі

Қайрат – Ордабасы

– Бұл екі команда арасындағы кездесуде фаворит кім?

– «Қайрат» мықтырақ көрінеді. Бірақ мен «Ордабасыға» жанкүйермін, сондықтан олар кем дегенде тең ойынға қол жеткізеді деп үміттенем.

9-наурызда екінші турдың қалған үш матчы өтпек. «Ақтөбе» өз алаңында «Тұранды» қабылдайды, «Астана» сырт алаңда «Қызылжармен» кездеседі, ал «Астана Аренада» «Елімай» «Қайсарға» қарсы ойнайды.