18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Кайрат» қорғаушысы Мартынович жарақат алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Беларусь құрамасының бас бапкері Карлос Алос Феррер «Кайрат» қорғаушысы Александр Мартыновичтің жарақаты туралы айтты, деп хабарлайды sport5.by.

«Соңғы ойында ол медициналық себептерге байланысты үзілісте алмастырылды. Кейін сөйлестік, өзін жайсыз сезінгенін айтты. Тексеру нәтижесінде ол бір айға қатардан шығады», — деді Феррер.

Мартынович Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Ордабасыға» қарсы матчта (4:0) 56-минутта алаңнан кеткен. Ол «Кайратқа» 2024 жылы қосылып, командамен бірге Қазақстан чемпионаты мен Суперкубокты жеңіп алды.