22.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Қайрат» — Қазақстан Суперкубогының үш дүркін иегері

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Алматылық «Қайрат» Қазақстан Суперкубогында үшінші рет жеңіске жетті. «Астана Аренада» өткен финалда команда «Ақтөбені» 2:0 есебімен ұтты.

Ойынның бірінші жартысында есеп ашылмағанымен, 58-минутта Рикарду Сантана қарсылас қақпасына гол соғып, «Қайратты» алға шығарды. 62-минутта «Қайраттың» қорғаушысы Еркін Тапалов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 87-минутта Валерий Громыко нәтижелі соққысымен матчтың соңғы нүктесін қойды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» бұған дейін 2016 және 2017 жылдары Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы атанған еді.