Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» қақпашысының алаңнан қуылуына қарамастан «Женісті» жеңді

«Қайрат» қақпашысының алаңнан қуылуына қарамастан «Женісті» жеңді

Қазақстан Премьер-Лигасының 20-турындағы кейінге қалдырылған матчта алматылық «Қайрат» астаналық «Женісті» 2:1 есебімен жеңді.

Бірінші таймда ойын тізгінін қонақтар ұстады. Алдымен Константинос Венизуленің қолмен ойнағаны үшін белгіленген пенальтиді Гиорги Зария сәтті орындады. Көп ұзамай Жоржиньоның пасынан кейін Валерий Громыко есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші тайм басында «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков айып алаңы сыртында қарсыласын шалып құлатқаны үшін тікелей қызыл қағаз алды. Бір ойыншы артық жағдайда «Женис» шабуылдарын үдетті. Нәтижесінде, Дан Глейзер ереже бұзған эпизодтан кейін Мика пенальтиден бір голды қайтара алды.

Осы жеңістен кейін «Қайрат» 23 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылықты нығайтты. Екінші орындағы «Астана» бес ұпайға қалып келеді, бірақ бір ойыны кем. «Женис» 5 ұпаймен 10-орында тұр.