Press.kz хабарлауынша, «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевқа қатысты барлық тергеулер аяқталды.
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжіліс дәлізінде сөйлеген сөзінде:
«Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық істер жоқ, бәрі аяқталды,» – деп мәлімдеді.
Шамамен бір жыл бұрын кәсіпкер бюджет қаражатын жымқыру және салық төлеуден жалтару бойынша күдікті болған. Алайда залал толық өтелгеннен кейін салық төлемеу ісі тоқтатылды. Басқа эпизодтар бойынша іс процесстік келісім аясында сотқа жіберілді.
Жалпы өтелген залал сомасы 134,5 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Паралимпиадалық комитет басшылығын ауыстыру қажеттігін көтерді. Алайда спорт министрі Ербол Мырзабосынов Боранбаевқа бұл қызметте ешқандай наразылық жоқ екенін мәлімдеді.