27.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» 6-турдың басты кездесуінде «Тобылды» жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» 6-турдың басты кездесуінде «Тобылды» жеңді

Алматыдағы «Орталық» стадионда өткен Премьер-Лиганың 6-турындағы басты ойын аяқталды. «Қайрат» өз алаңында «Тобыл» командасынан 2:1 есебімен басым түсті.

4-минутта Валерий Громыко есеп ашты. 60-минутта Жоржиньо айырманы екі допқа жеткізді. «Тобыл» сапынан Александр Зуев 79-минутта бір голмен жауап қайырды, алайда қостанайлықтар таразы басын теңестіре алмады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!