16.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» 4:0 есебімен «Атырау» клубын ойсырата жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» 4:0 есебімен «Атырау» клубын ойсырата жеңді

Қазақстан Премьер-лигасының төртінші туры аясында «Қайрат» пен «Атырау» командалары кездесті. Алматыда өткен матчта алаң иелері 4:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Ойын бастала салысымен «Қайрат» шабуылға көшіп, 1-минутта-ақ есеп ашты. Дастан Сатпаев қарсылас қақпасына дәл соққы жасап, командасын алға шығарды. Араға бес минут салып Еркін Тапалов есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші таймда «Қайрат» шабуылын жалғастырып, тағы екі гол соқты. Алдымен Александр Мартынович баспен гол салса, артынша Жоржиньо есепті 4:0 етті.

Бұл жеңістен кейін алматылықтар 13 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Ал «Атырау» 3 ұпаймен 10-орында қалды.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!