Оқу уақыты: 1 мин

Кайл Уокер мен Пеп Гвардиола Скотт Карсонның «Ситидегі» рөлін ерекше атап өтті

Кайл Уокер мен Пеп Гвардиола Скотт Карсонның «Ситидегі» рөлін ерекше атап өтті

«Манчестер Ситидің» қорғаушысы Кайл Уокер командаласы Скотт Карсонның клубтағы маңызын жоғары бағалады. The Kyle Walker Podcast жобасында сөйлеген Уокер 39 жастағы қақпашының кәсібилігі мен жанкештілігін ерекше атап өтті.

«Оның жасын, тәжірибесін және үшінші қақпашы екенін ескерсек, күн сайын жаттығуға келіп, барын салуы — шын мәнінде құрметке лайық. Ол мансабын баяғыда аяқтай алар еді. Бірақ Карсонның футболға деген сүйіспеншілігі мен адалдығы – бұл біздің командаға ауадай қажет нәрсе», — деді Уокер.

Скотт Карсон «Манчестер Ситиде» 2019 жылдан бері ойнап келеді және осы уақыт ішінде небәрі екі матчқа қатысқан. Оның Премьер-лигадағы соңғы «құрғақ» кездесуі 2011 жылдың мамырында тіркелген. Соған қарамастан, оның жетістіктер қоржыны әсерлі:

  • 4 рет Премьер-лига чемпионы
  • 2 мәрте Чемпиондар лигасы жеңімпазы
  • 1 Англия Кубогы
  • 2 Лига Кубогы
  • 2 Англия Суперкубогы
  • 1 Клубтық әлем чемпионаты

Бас бапкер Пеп Гвардиола да Карсонның команда ішіндегі рөлін жоғары бағалап, жастарға оны үлгі етті:

«Жас ойыншыларға берер ең жақсы кеңесім — киім ауыстыратын бөлмеде және жаттығуда Скотт Карсонмен көбірек уақыт өткізу. Бұл менімен сөйлескеннен де пайдалы болады», — деді Гвардиола.

Скотт Карсон алаңдағы емес, алаң сыртындағы кәсіби үлгісімен «Ситидің» жеңісті рухын сақтап тұрған тұлғалардың бірі ретінде бағаланып отыр.