Оқу уақыты: 1 мин

Қауіпті соқтығыс: Тайво Авоньи ауыр жарақат алып, жасанды комаға түсті

Қауіпті соқтығыс: Тайво Авоньи ауыр жарақат алып, жасанды комаға түсті

«Ноттингем Форест» шабуылшысы Тайво Авоньи Англия чемпионаты аясында «Лестер Ситиге» қарсы өткен матчта қақпа бағанасына соғылып, ішек жарақатын алды. Футболшыға шұғыл операция жасалып, ол жасанды комаға түсірілді.

Жарақат Энтони Эланганың пасын қабылдауға тырысқан сәтте орын алды. Авоньи бастапқыда ойынды жалғастыруға әрекеттенгенімен, кейін жағдайы күрт нашарлап кетті.

Оқиғадан кейін клуб иесі Эвангелос Маринакис медициналық штабтың әрекетіне көңілі толмай, матч соңында бас бапкер Нуну Эшпириту Сантуға жеке келіп наразылығын білдірді.

Қайталау көрсетілімінде пас берген Эланга офсайдта болғаны анық көрінді. Алайда IFAB (Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесі) бекіткен ережеге сәйкес, лайнсмен шабуылды тоқтатпай, шабуылдың дамуын күтуі тиіс.

Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы Фара Уильямс бұл жағдайға байланысты пікір білдірді:
«Егер офсайд анық көрініп тұрса — туды көтеріп, ойынды бірден тоқтату керек еді», — деді ол.

Бұл оқиға кейінгі жылдардағы алаңдағы ауыр жарақаттар тізбегін жалғастырып отыр:

  • 2021 — Руй Патрисиу («Вулверхэмптон»)

  • 2023 — Джон Стоунз («Манчестер Сити»)

  • 2024 — Эдерсон («Манчестер Сити»)

Футбол жанкүйерлері мен сарапшылар бұл жағдайдан кейін ереже өзгерістеріне қатысты жаңа талқылаулар басталады деп болжауда.