19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Каспий» пенальти сериясында «AKAS» командасын жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ақтаулық «Каспий» Қазақстан кубогының алдын ала кезеңінің жартылай финалында алматылық «AKAS» командасын жеңіп, финалға жолдама алды.

Негізгі уақытта екі команда да гол соға алмады. Ойыншылар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, қорғаныс пен қақпашылар сенімді ойын көрсетті.

Нәтижесінде жеңімпазды пенальти сериясы анықтады. «Каспий» ойыншылары өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Енді ақтаулық команда финалда өз қарсыласын күтеді.