23.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Каспий» Павлодардың «Ертісін» ірі есеппен жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ақтаудың «Каспий» командасы Қазақстан кубогының алдын ала кезеңінің финалында Павлодардың «Ертісін» 3:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ «Каспий» басымдық танытып, Мирас Тұрлыбектің ерте голымен алға шықты. Бірінші таймның соңында Бақдәулет Қонлымқос есепті еселей түссе, екінші таймда ол дубль авторы атанды.

«Ертіс» ойыншысы Алихан Серікбай 49-минутта алаңнан қуылғаннан кейін павлодарлықтардың жағдайы одан әрі қиындай түсті.

Осы жеңістің арқасында «Каспий» 1/8 финалда «Қайратпен» кездесетін болды.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!