04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Каспийдің» бұрынғы директоры жеті жылға бас бостандығынан айырылды

«Каспийдің» бұрынғы директоры жеті жылға бас бостандығынан айырылды

Футболдан ақтаулық «Каспий» футбол клубының бұрынғы директоры Ержан Жамбыров жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ақтауда оған қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған. Бұл іс бойынша Ержан Жамбыров және тағы үш адамның қатысы бар екені анықталды.

Оқиға 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында болған. Сол уақытта футбол клубының есепшотынан 20 279 100 теңге ақша заңсыз түрде шешіп алынған. Аталған қаражат клубтың бас менеджері Данияр Боранбаевтың жеке шотына тиісті құжатсыз аударылғаны белгілі болды. Оның 11 млн теңгеден астам бөлігі Ержан Жамбыровқа берілсе, қалған бөлігін Данияр Боранбаевқа берілген.

Тергеу барысында Ержан Жамбыров алаған заңсыз әрекетін тағы үш адаммен алдын ала сөз байласа отырып, іске асырғаны белгілі болды. Ал Данияр Боранбаев қылмыстық іске қатысушы ретінде емес зардап шегуші ретінде танылды.

Сот шешімімен Ержан Жамбыров 7 жыл бас ботсандығынан айырылды. Ал оның үш серіктесінің 4 жылға бас бостандығы шектелді.