17.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Карвахаль Марсель қақпашысын басымен ұрғаны үшін қызыл қағаз алды

Карвахаль Марсель қақпашысын басымен ұрғаны үшін қызыл қағаз алды

Чемпиондар лигасы матчында Мадрид «Реалы» Даниэль Карвахальдің жарыс ережесін бұзғаны үшін қызыл қағаз алып, командасын азшылықта қалдырды.

Оқиға матчтың 69-шы минутында орын алды — «Реал» капитаны француз командасының қақпасы алдында бұрыштама орындалар сәтте «Марсель» қақпашысы Херонимо Рульимен сөзге келіп қалды.

Қақтығыс барысында испандық қорғаушы аргентиналық қақпашының бетін басымен ұрды — Рульи алаңға құлап, беті ауырғандықтан ұзақ уақыт бойы орнынан тұра алмады.

Матчтың бас төрешісі Ирфан Пельто бейнеқайталауды қарап шығып, Карвахальді алаңнан қуу туралы шешім қабылдады.