23.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Қарсыласым қашып, өзін ұятқа қалдырды» – қазақстандық боксшы жекпе-жекке 5 сағат қалғанда айқастың болмай қалғанын айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алмат Жұман (4-0, 3 KO) Эквадорда жергілікті боксшы Марио Минаға (8-5-2) қарсы UBC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін қорғауы тиіс болған, деп хабарлайды Sport-pulse.kz тілшісі.

Алайда жекпе-жекке 5 сағат қалғанда қарсыласы кездесуден бас тартты. Бұл туралы «Қазақ титаны» Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Қарсыласым жекпе-жекке 5 сағат қалғанда бас тартты. Айтуынша, денсаулығы сыр берген. Өте өкінішті! Бұл айқасты ұзақ күттім. Қашып, өзін ұятқа қалдырды.»

Айта кетейік, Алмат кәсіпқой бокстан бөлек BKFC лигасында да өнер көрсетіп, 1-0 рекордына ие жалғыз қазақстандық спортшы.