Оқу уақыты: 1 мин

Каррагер: Тренттің «Реалға» ауысуы — әділ шешім

Каррагер: Тренттің «Реалға» ауысуы — әділ шешім

Sky Sports хабарлауынша, «Ливерпульдің» бұрынғы қорғаушысы Джейми Каррагер Трент Александер-Арнольдтың мадридтік «Реалға» ықтимал ауысуына қатысты пікір білдірді.

«Мен Трентке ашулы емеспін. Клуб оны 70-тен 100 миллион фунтқа дейін сата алар еді, өйткені ол бірегей футболшы. Бірақ ол академиядан тегін келгендіктен, дәл сол шарттармен кетуі әділ деп санаймын», — деді Каррагер.

Оның айтуынша, «Реал Мадрид» трансфер нарығында ерекше стратегия ұстанады — жұлдызды футболшыларды келісімшарттарының соңына қарай айтарлықтай төмен бағаға тартуға тырысады.

«Реал өзін әлемдегі ең ұлы клуб ретінде көрсетеді. Әрбір футболшының арманы — сонда ойнау. Бұл — оларға трансферлік шығынсыз үздіктерді алу мүмкіндігі береді», — деп қосты ағылшын сарапшысы.