14.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Карпин легионерлер лимитін қатаңдату туралы өз ұстанымын еске салды

Карпин легионерлер лимитін қатаңдату туралы өз ұстанымын еске салды

ТАСС мәліметінше, РФ Спорт министрлігі ресейлік футболдағы легионерлер лимитін қатаңдату туралы бұйрық дайындауда — алаңдағы шетелдік ойыншылар санын сегізден беске дейін қысқарту жоспарлануда.

Мәскеулік «Динамо» мен Ресей құрамасының бас бапкері Валерий Карпин бұл бастамаға қысқаша жауап берді:

Мен легионерлер лимиті туралы 2008 жылы бәрін айтқанмын

Атап өтерлігі, 17 жыл бұрын маман шетелдік футболшыларға қойылатын шектеулерді спорттың дамуына кері әсер ететін құбылыс ретінде сипаттаған.