03.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Карлос Сайнс: Williams көлігіне бейімделуге бес-он жарыс қажет болады

Карлос Сайнс: Williams көлігіне бейімделуге бес-он жарыс қажет болады

«Williams» пилоты Карлос Сайнс жаңа командадағы алғашқы кезең қиын болатынын мойындады — Ferrari-дегі жылдар бойы қалыптасқан жүргізу стилін өзгертуге уақыт керек екенін айтты.

Испандық жүргізуші маусым басталғалы тек бір ғана жарыстан ұпай жинады — Қытай Гран-приінде қарсыластардың біліктіліктен шеттелуі нәтижесінде. Ал командаласы Алекс Албон әзірге 16 ұпаймен көш бастап тұр.

«Ferrari-де мен нақты бір көлік мінезіне үйреніп қалдым, әсіресе 2022 жылдан бері. Бұл стиль менің бұлшықет жадыма сіңіп кеткен. Williams болидінде ол тек кейбір бұрылыстарда ғана тиімді, ал басқаларында керісінше, әлсіздік тудырады», — деді Сайнс.

Ол жүргізу стилін қайта қалыптастыру — кез келген пилот үшін ең күрделі сынақ екенін атап өтті. Дегенмен, әртүрлі командаларда жұмыс істеу тәжірибесі оған бұл жолы да бейімделуге көмектесетініне сенімді.