13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамес қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен титулдарды біріктіру үшін жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты. Доминикандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында екі салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеулерді иелену мақсатын алға тартты.

«Орта салмақтағы есеп айырысу. WBC-WBO-WBA-IBF-The Ring — суперорта салмақ. WBC-WBO-IBF-The Ring — орта салмақ. Орта салмақ шеберлерінің үстемдігі!» – деп жазды Адамес.

Еске салайық, қазіргі таңда WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулдары Жәнібек Әлімханұлына тиесілі. Бұған дейін «Қазақ стилі» лақапатымен танылған боксшы Адамеспен жекпе-жекті Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы кештің андеркардында ұйымдастыруды ұсынған болатын. Бұл кеш 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.