11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Карло Анчелотти «Реалдың» «Алтын доп» рәсіміне бармау себебін түсіндірді

Euro-football.ru хабарлауынша, Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти клубтың қазан айындағы «Алтын доп» марапаттау рәсіміне бармау туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.

Испандық клуб өкілдері марапатты «Реалдың» бразилиялық шабуылшысы Винисиус Жуниор емес, «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Родри алады деп білген соң шараға қатысудан бас тартқан.

«Рәсімге қатыспау туралы шешім дұрыс емес деп ойламаймын. Біз Винисиус жеңуі керек деп сенгендіктен бармадық», – деді Анчелотти. – «Менің Родриге қарсы ештеңем жоқ, ол бұл марапатты бір жыл бұрын алуға лайық еді деп ойлаймын».

Италиялық маман бұл пікірін «Манчестер Ситиге» қарсы Чемпиондар лигасы матчына арналған баспасөз мәслихатында айтты.