29.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Карло Анчелотти Бразилия құрамасының бас бапкері болады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Карло Анчелотти Бразилия құрамасының бас бапкері болады

Фабрицио Романо хабарлауынша, Карло Анчелотти мен Бразилия футбол федерациясы итальян маманының маусым аяқталған соң ұлттық құраманың бас бапкері болатыны туралы келісімге келді.

Анчелотти маусым айында, клубтар арасындағы Әлем чемпионаты басталмай тұрып, Бразилия құрамасын қабылдап алады.

Мадридтік «Реал» және Анчелотти ресми түрде қоштасады, одан кейін формалды рәсімдер жүргізіледі.