06.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Карло Анчелотти Бразилия бас бапкері ретінде алғашқы матчын өткізді

Карло Анчелотти Бразилия бас бапкері ретінде алғашқы матчын өткізді

2026 жылы Оңтүстік Америкада өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің 15-ші турының аясында Эквадор өз алаңында Бразилия құрамасын қабылдаған ойын аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 0:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Бразилия құрамасы бас бапкер Карло Анчелоттидің жетекшілігімен алғашқы ойынын өткізді.

Қазіргі уақытта Бразилия құрамасы 22 ұпай жинап, Оңтүстік Америкадағы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде төртінші орында тұр. Эквадор өз кезегінде 24 ұпай жинап, екінші орында.

Келесі турда Бразилия құрамасы Парагваймен, ал Эквадор Перу құрамасымен кездеседі. Екі кездесу де 11 маусымда өтеді.