13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Карен Хачанов: «Алматыны жақсы ойыныммен тағы да қуантқым келеді»

Карен Хачанов: «Алматыны жақсы ойыныммен тағы да қуантқым келеді»

Ресейлік теннисші Карен Хачанов Almaty Open ATP 250 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында өз әсерімен бөлісті.
Турнирдің өткен жылғы жеңімпазы Қазақстанның оңтүстік астанасына оралғанына қуанышты екендігін, өзінің үздік өнерін көрсеткісі келетінін айтты.

Дайындық пен ауа райына бейімделу туралы
«Мен Алматыға кеше ғана ұшып келдім, биіктік жағдайына бейімделе бастадым. Кортты сезініп, бірте-бірте бәсекеге түсе алу үшін бұл күндер өте маңызды», — деді Хачанов.  Шанхайдағы додадан кейін ол демалып үлгерді, Мәскеуде уақытын отбасымен өткізді, енді жаңа жарысқа дайын.

Мақсаты мен алдан не күтеді
Карен өткен жылғы табысын қайталағысы келетінін мойындады, бірақ алдына артық жүк қоймауға тырысатынын жеткізді:
«Әр жарыста, әсіресе, бұрын жеңіске жеткен жерде жақсы ойнағың келеді. Алайда мен өзіме қысым көрсеткім келмейді.
Ең бастысы — өзіме байланысты нәрсені жасап, бақылауда ұстау. Ал нәтижесін көрерміз».

Корттан тыс
Карен биыл Almaty Open турнирінің мәдени бағдарламасын тамашалауға үлгермегенін күле отырып атап өтті:
«Өткен жылы Thirty Seconds to Mars концертін көріп едім. Биыл барлық қызықты концерттер мен келгенге дейін өтіп кетіпті. Дегенмен орталық кортта Ирина Кайратовна тобының өнерін бірнеше минут көрдім, бірақ баспасөз мәслихатына баруға тура келді».
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау