20.10.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды

Али Аманов
Али Аманов Журналист
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Әлемнің 26-ракеткасы Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды. Ол финалда әлемнің118-ракеткасы, канадалық теннисші Габриэль Диалломен кездесті.

Ресейлік теннисші қарсыласын үш сетте 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңді. Карен Хачанов матч кезінде алты эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 19 брейк-пойнттың алтауын сәттіпайдаланды.

Ал турнирдің жұптық сындағы финалдық кездесуінде үндістандық жұп Арджун Кадхе мен Ритвик Чудари Боллипалли тунистік-колумбиялық дуэт Скандер Мансури мен Николас Баррьентосты 3:6, 7:6(3), 14:12 есебімен ұтты.

Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.