Оқу уақыты: 1 мин

Карапас Джиро д’Италияның 11-ші кезеңін жеңді, «Астана» велошабандоздары үздік үштікке кірмеді

Карапас Джиро д’Италияның 11-ші кезеңін жеңді, «Астана» велошабандоздары үздік үштікке кірмеді

EF Education-EasyPost командасының өкілі Ричард Карапас «Джиро д’Италия» көпкүндігінің 11-ші кезеңінде жеңіске жетті — Виареджо мен Кастельново-не-Монти арасындағы 186 шақырым қашықтықты 4 сағат 35 минутта жүріп өтті.

UAE Team Emirates-XRG командасының велошабандозы Исаак Дель Торо 10 секунд айырмашылықпен екінші орынды иеленсе, Lidl-Trek өкілі Джулио Чикконе үздік үштікті түйіндеді.

«Астана» велошабандоздары арасында Диего Улисси оныншы орынмен үздік нәтиже көрсетсе, Никола Кончи 1 минут 21 секунд айырмашылықпен 29-шы орынды иеленді.

  • Лоренцо Фортунато — 39-шы орын (+4:05)
  • Ваут Пулс — 52-ші орын (+7:46)
  • Фаусто Маснада — 70-ші орын (+16:38)
  • Кристиан Скарони — 72-ші орын
  • Макс Кантер — 122-ші орын (+27:40)
  • Антон Кузьмин — 130-шы орын

Жалпы есепте Исаак Дель Торо 38 сағат 47 минут нәтижемен көш бастап тұр — оның командаласы Хуан Аюсодан басымдығы 31 секундты құраса, Bahrain-Victorious өкілі Антонио Тибери 1 минут 7 секунд айырмашылықпен үшінші орында келеді.