26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Канелоның» жеңілісі Әлімханұлының бірігу жекпе-жегін тоқтатты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Канелоның» жеңілісі Әлімханұлының бірігу жекпе-жегін тоқтатты

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан қазақстандық боксшының көптен күткен жекпе-жегі соңғы сәтте тоқтап қалғанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, келісім толықтай дайындалып, тараптар құжаттарға қол қою сатысына жеткен. Алайда Сауль «Канело» Альварестің Терренс Кроуфордтан жеңілісінен кейін жағдай күрт өзгерген.

Берік Сұлтанның айтуынша, бұл нәтиже орта салмақтағы күштердің тепе-теңдігіне ықпал етіп, чемпиондар белбеулерін сақтап қалуға және ең табысты кездесулерді ұйымдастыруға тырысып жатыр. Бұл өз кезегінде келіссөздерді қиындатқан.

«Біз «Канелоның» жеңілісі бізге жол ашады деп ойлағанбыз. Бірақ керісінше, бәрін күрделендіріп жіберді. Енді кәсіби бокстың қыр-сырын ескеріп, қайтадан жұмыс істеуімізге тура келеді», – деді ол.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы WBC чемпионы, доминикандық Карлос Адамес болады деп күтілген еді.