Оқу уақыты: 1 мин

«Канелоның» қарсыласы: Мені кезінде Головкиндей бағалай алмайды

«Канелоның» қарсыласы: Мені кезінде Головкиндей бағалай алмайды

4 мамыр күні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында суперорта салмақтағы абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жек өтеді. Рингке мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) пен әлі жеңіліп көрмеген кубалық Вильям Скулл (23-0, 9 КО) шығады, деп хабарлайды Prosports.kz VRinge сайтына сілтеме жасап.

Букмекерлер айқастың нәтижесін алдын ала болжап қойған: Скулдың жеңіске жету мүмкіндігі төмен, ал Канело айқын фаворит саналып отыр.

Дегенмен, Скулл өзін ешкімнен кем санамайды. «Айта берсін. Олар мені білмеген соң ғана солай дейді. Комментаторлар болсын, сарапшылар болсын — бәрібір. Иә, Канело көбірек нокаут жасаған шығар, бірақ нокауттың уақыты келеді. Ең маңыздысы – жекпе-жек. Біз керемет айқас көрсетеміз деп сенемін. Мен толық дайынмын», – деді кубалық спортшы.