Оқу уақыты: 1 мин

Канело мен Скулл — соңғы 40 жылдағы ең пассивті жұп

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Канело мен Скулл — соңғы 40 жылдағы ең пассивті жұп

Сауль «Канело» Альварес пен Уильям Скулл арасындағы жекпе-жек бокс тарихындағы антирекордтардың біріне айналды. Екі боксшы 12 раунд бойы небәрі 445 соққы ғана жасады — бұл соңғы 40 жылдағы ең төмен көрсеткіш.

Бұған дейінгі ең белсенді емес кездесу Джозеф Паркер мен Деонтей Уайлдер арасында болған — ол кезде 459 соққы тіркелген.

Салыстыру үшін: Канело мен Геннадий Головкиннің алғашқы жекпе-жегінде 1208 соққы жасалған (Головкин — 703, Канело — 505).

Бұл — Канело мансабындағы ең белсенді емес айқастардың бірі болып тіркелді. Жанкүйерлер тарапынан сын күшейіп келеді.